Видео

Емхана қызметкерлері арасында “күлімсіреу күні” тренингі №1 қалалық емханада қызметкерлер арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыруға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған “күлімсіреу күні” тренингі өтті. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Тренинг барысында қатысушылар күлімсіреп, ұжымдағы бірлік, оптимизм және сенім сезімін дамытатын интерактивті тапсырмаларға қатысты. Басты мақсат-жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру, қызметкерлердің ынтасы мен ұйымшылдығын арттыру. Күлімсіреу тек ізгі ниеттің символы ғана емес, сонымен қатар пациенттермен қарым-қатынастың маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені, медицина қызметкерінің жағымды көңіл-күйі емханадағы қызмет көрсету сапасы мен атмосфераға тікелей әсер етеді. Әр күн күлімсіреу мен жақсы көңіл-күйден басталсын!
Call центр 7(727) 310-23-76; +7(727) 310-23-97.
г. Алматы ул.Гоголя, 53



Регистратура для детского населения:
Регистратура для взрослого населения:



















