
Даму және ерте араласу орталығында жас аналар бала күтімі бойынша пайдалы білім мен тәжірибелік кеңестер ала алады.
Орталық мамандары дұрыс емшекпен қоректендіру, баланың жас ерекшелігіне сәйкес тамақтану рационы, сондай-ақ балалар тағамын дұрыс дайындау туралы ақпарат береді.
Орталықтың басты мақсаты — ата-аналарды қолдау, олардың білімін арттыру және баланың дені сау өсіп, үйлесімді дамуына жағдай жасау.





