Регистратура взрослая +7 (727) 273-20-93 Регистратура детская +7 (727) 397-46-63 info@1gp.kz
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу қүқығындағы "№ 1 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Инсульт және оның алғашқы белгілері

Дәрігер-невропатолог Ғалымжанова Шынар 

Ғалымжанқызы түсіндіреді:

 

Инсульт — бұл миға қан айналымының күрт бұзылуы. Мұндай жағдайда ми жасушалары оттегі жетіспеушілігінен зақымданып, адамның өміріне қауіп төнеді. Сондықтан алғашқы белгілерін дер кезінде тану өте маңызды.

 

Инсульттің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

 

  • беттің бір жағының қисайып кетуі
  • қол немесе аяқтың әлсіреуі, ұюы
  • сөйлеудің бұзылуы
  • көрудің нашарлауы
  • қатты бас ауруы
  • бас айналу, тепе-теңдіктің жоғалуы

 

 

Егер осы белгілердің кем дегенде бірі байқалса, уақыт жоғалтпай, дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

 

Есте сақтаңыз: инсульт кезінде әрбір минут маңызды. Уақтылы көрсетілген көмек өмірді сақтап, асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

image-30-03-26-12-40.jpg