Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

Бұл мереке 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді.

Бұл күнді атап өтудің мақсаты – әр елдегі отбасының маңыздылығына қоғам назарын аудару.

Халықаралық отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.

Халықаралық отбасы күнінің басты мақсаттары:

  • қоғамдағы отбасының маңыздылығын атап өту;
  • әр отбасының ерекше екенін еске салу;
  • қазіргі замандағы отбасылық мәселелер туралы маңызды әңгімені бастау

Отбасы – махаббаттың, сыйластық пен ынтымақтастықтың ордасы, зияткер қоғамның іргетасы.

Отбасының басты қызметі – балаларға өмір сыйлау, оларға бақытты балалық шақ, лайықты білім беру және болашақта өздігінен өмір сүруге мықты негіз қалыптастыру, сондай-ақ күрделі адамаралық қарым-қатынастар әлемінде өмір сүре білуге үйрету. Сондықтан да отбасының мықты әрі тату болуы аса маңызды.

Балаларды тәрбиелеу ерекше назарда болуы керек.

Әрбір қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу.

«Отан – қуат, отбасы – шуақ» деген халқымыз үшін бейбіт өмір мен отбасылық құндылықтар – басты орында.

Ата-ана, бауырлар мен туыстар туралы қазақ тіліндегі барлық мақал-мәтелдер мен аңыздар некенің қуанышын сақтауға үндейді.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні аясында КМҚК «Қалалық емхана №1» мекемесінде жоспарланған іс-шаралар өткізілді:

         1.      14 мамыр күні №28 лицейде невролог, офтальмолог, ЖПД дәрігері, педагог-психолог, ЛОР-дәрігер, хирург, эндокринолог сынды мамандардың қатысуымен Ашық есік күні өтті.

         2.      Ашық есік күні аясында отбасылық жұптарға денсаулықты сақтау дағдыларын, дұрыс тамақтану мәдениетін, дене белсенділігін, зиянды әдеттерден бас тартуды жеке деңгейде үйрету, мотивациялық кеңес беру қағидаттарына негізделген жүктілікті жоспарлау мақсатында профилактикалық кеңестер өткізілді (КПС).

         3.      №161, 12, 19, 52, 33, 4 орта мектептерінде оқушылар арасында сынып сағаттарында келесі тақырыптарда лекциялар мен әңгімелер өткізілді:

  • «Дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі – салауатты өмір салтының негізі»
  • «Дұрыс тамақтану»
  • «Зиянды әдеттердің адамның репродуктивті денсаулығына әсері» және т.б.

         4.      №67, 126, 106, 96, 196 балабақшаларында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен денсаулығымды сақтаймын – өзіме өзім көмектесемін» атты сабақтар өтті. Сабақ мақсаты – балаларды тісті дұрыс тазалауға, жуына білуге, таңертеңгілік жаттығу жасауға және тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жууға үйрету.

PHOTO-2025-05-15-15-44-00.jpg

PHOTO-2025-05-15-15-43-30.jpgPHOTO-2025-05-15-15-43-304.jpgPHOTO-2025-05-15-15-43-303.jpgPHOTO-2025-05-15-15-43-302.jpgPHOTO-2025-05-15-15-43-301.jpg

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb