Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz, pol-ka1@med.mail.kz, mail@gp1almaty.kz
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

kzWhatsApp_Image_2026-03-16_at_16.39.59.jpeg

Қабылданған заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 380-3-баппен толықтырылды. Аталған бап медицина қызметкеріне және жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне олардың қызметтік және кәсіби міндеттерін атқару кезінде қорқыту немесе күш қолдану үшін жауаптылықты көздейді.

Заңда мынадай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген:
— күш қолданамын деп қорқыту;
— өмір мен денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану;
— өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану;
— аталған әрекеттерді екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы болып, бірнеше рет, сондай-ақ төтенше жағдай, жаппай тәртіпсіздік, төтенше жағдай режимі жағдайында немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасау.

Құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай заңда айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу және заңда белгіленген мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген.

Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне толықтырулар енгізу көзделген. Бұл толықтыруларға сәйкес медицина қызметкеріне, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорқыту және (немесе) күш қолдану әрекеттері үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бастап айыппұл салудан бастап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық белгіленеді.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, уақтылығы және заңдылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген заңдық жауаптылықта болатынына назар аударамыз.

Аталған өзгерістерді қабылдау медицина қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем көліктерінің жүргізушілерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге, олардың кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбегіне деген құрметті нығайтуға бағытталған.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb