Қалалық №1 емхананың филиалының ашылуы
- 30 December 2025
Бүгін, 2025 жылғы 30 желтоқсанда,
Алматы қаласы, Нүсіпбеков көшесі, 141а мекенжайында
№1 қалалық емхананың жаңа филиалының салтанатты ашылуы өтті.
Филиалдың ашылуы қаладағы медициналық инфрақұрылымды дамыту жолындағы маңызды кезең болып табылады. Жаңа нысан заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, денсаулық сақтау жүйесінің барлық талаптарына сай және пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Филиал тұрғындарға амбулаториялық-емханалық қызметтердің кең ауқымын ұсынып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
Жаңа бөлімшенің ашылуы — халық денсаулығын нығайтуға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес.
Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй


Балаларды тіркеу
Ересек тұрғындарға