Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Шетел азаматтарына және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсету тәртібі

Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтары емес, ықтияр хаты бар тұлғалар неге үнемі тегін медициналық көмек ала алмайды ? Бұл сұрақ тек бір ғана пациентті қызықтырады деуге болмайды, дегенмен, жұртшылықтың басымдысын мазалайды... .
ШЖҚ-дағы « № 1 Қалалық емхана» МКК Пациенттерге қолдау көрсету және аудит қызметі ТМККК (тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі) шеңберінде ҚР аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтарына және ҚР азаматтығы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсету тәртібі туралы ақпаратты ұсынады.

Қазақстан Республикасының « Қоршаған ортаға қауіп төндіретін жіті аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қарашасындағы № 1937 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтары және ҚР азаматтығы жоқ тұлғалары тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйегіндегі ҚР Кодексі 88 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтары және ҚР азаматтығы жоқ тұлғалары, қоршаған ортаға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы аурулардың қоса ұсынылатын тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтары және ҚР азаматтығы жоқ тұлғалары медициналық көмек алу Ережелерін бекіту туралы» (ҚР САПП, 2006 ж., № 38, 425 бабы) ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазанындағы № 997 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енген деп танылады.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашасындағы
№ 1937 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұратын шетел азаматтары және ҚР азаматтығы жоқ тұлғалары, қоршаған ортаға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы аурулардың қоса ұсынылатын ТІЗБЕСІ:
1. Күл
2. Қызылша
3. Қызамық
4. Көкжөтел
5. Жәншау
6. Жел шешек
7. Эпидемиялық паротит
8. A, B, C паратифтері
9. Полиомиелит
10. Жіті респираторлық вирусты инфекциялар
11. Тұмау
12. Менингококкокты инфекция
13. Тырысқақ
14. Ішсүзек
15. Туберкулез
16. Сыбыр ойықжарасының өкпе түрі
17. Оба
18. Геморрагиялық вирусты қызба
19. А, Е вирусты гепатит
20. Безгек
21. Жіті ішек инфекциялар тобы

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb